Атыраудың қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау облысының бұрынғы әкiмi Бергей Рысқалиевке қатысты iстер қаралып жатыр. Кейбiр қорғаушылардың айтуына сенсек, бұл сот биылғы жылдың тамыз айына дейiн, керек десеңiз, қыркүйек айына дейiн созылатын секiлдi.
Бiз осыдан екi ай бұрын Атырауға барып, осы сот отырысына бiр апта қатысып, арнайы материал да жазған едiк (“Атырауда сот емес, саяси ойын жүрiп жатыр”, 6 наурыз, 2014 жыл). Өткен аптада тағы да осы сот отырысына қатысып қайттық.

Бiр байқағанымыз, сотталушылар да, олардың қорғаушылары да ашынып алғандай. Әй­теуiр, бiзге осылай көрiне бердi.

Қарап отырсаңыз, сотта Бергей Рысқалиев қана жоқ емес, негiзгi қылмысқа қатысты деп табылған тағы да 11 адам жоқ. Бұлар қайда? “Қашып кеткен”. Мәселен, бiр футбол командасы өзiнiң негiзгi құрамымен алаңға шығып, қарсыласынан жеңiлiп қалды делiк. Ойыннан кейiн осы жеңiлiс үшiн әлгi команданың негiзгi құрамын емес, оның қосалқы құрамын кiнәлауға бола ма? Салыстырмалы түрде алғанда, мына сотта да осыған ұқсас жағдай орын алып тұр: “негiзгi құрам” жоқ, оның орнына “қосалқы құрам” жауап берiп жатыр. Сотталушылар да, әсiресе, осыған ашынатындай. Осыған зығыры қайнайтындай.

Қорғаушы Нұрлан Жолболовтың “Сiз өзiңiздiң ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастыққа (ОПС) қатысыңыз бар екенiн және оның басшыларының бiрi екенiңiздi мойындайсыз ба?” деген сауалына Атырау облысы әкiмiнiң бұрынғы бiрiншi орынбасары Болат Дәукенов былай деп жауап бердi:

– Мен өзiмдi кiнәлiмiн деп есептемеймiн. Және айыптау орындығында отырғандардың көзiнен де мынаны оқып тұрмын: олар да өзiн кiнәлi сезiнбейдi! Осының бәрi, осының бәрiнiң осылайша жасалуы бiреулерге керек те болған сияқты. Бәлкiм, мұның құпиясы бiр кездерi ашыла да жатар… Бiзге қара күйенi баттастыра жағып жатыр, әйтеуiр. Бiз мұндай айыптаудың ешқайсысын мойындамаймыз. Осындай қым-қуыт шақты пайдаланып, бiздiң кейбiрiмiздi ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың (ОПС) құрамындағы ұйымдасқан қылмыстық топтың (ОПГ) басшылары деп те жатыр. Бұл – фарс! Бұл – шектен шығуш

Источник: http://www.zhasalash.kz/